Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті.
Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді.
Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін көрсетіп, тоқыған жекеттері мен баскиімдерінің ерекшелігімен көзге түсті.
– Қазақ халқының оюлары, қолөнері – ең басты қазынамыз. Өзіме ұлтық нақыштағы киімдер тігіп, әшекей тастармен безендірген қатты ұнайды. Іске жан-тәніммен кіріскендіктен уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаламын, – дейді қатысушылардың бірі Әлия Уанасова.
Сонымен қатар, қызмет алушылар төсек-жабдықтар тігумен, қағаз орамдарынан ваза жасаумен, моншақтардан аю, сиыр кескіндерін, көкөніс салуға арналған ыдыстар тоқумен белсенді айналысады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбардың айтуынша, Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.

Пікір жазу