Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 02

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 02

Мақтарал ауданына барған іс-сапары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуде. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған.

Аймақ басшысы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі «Бірлік» елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылды. Мұнда ауыл жастары бір уақытта спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлерімен айналыса алады. 150 адамдық көрермендер орнымен, киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған нысанға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өткен болатын. Бұдан бөлек, А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қатаң қолға алған кәсіпкер аз уақыттың ішінде «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып берген.

Өз тілшімізден

Пікір жазу