Мыстан мыстандығын істеді – оның не екенін мүлдем ұқпаса да, ЭКСПО-ға баратын болды. Онда да өз маңдай терімен тапқан қаражатымен емес, қорқытып-үркітіп қорқауларға алдырған билеттерімен. Иә, «ауру қалса да, әдет қалмайтыны» тағы бір дәлелденді – бар саналы ғұмырын бюджет қаражатын майшелпекке айналдырумен айналысқан жалмауыз, қызметтен шеттетілсе де, өзге біреулердің несібесін жалмап жүретінін еш қояр емес. Есесіне онысына жол беріп қойып жүрген шалбар киген ез-басшылардың түн ұйқысы тыныш болатын болды – Мыстан олардың түстеріне кірмейтініне уәде беріп отыр.
Мыстанның өз уәдесінде тұрмайтын әдеті де бар екенін олар қайдан білсін?!.
Әсет Әссанди.