Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МӘСЕЛЕГЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН ДЕПУТАТ

МӘСЕЛЕГЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН ДЕПУТАТ

Әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Мусаев Нүркен есімді қала тұрғыны Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Құртаев көшесінің жол мәселесі бойынша  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташкараевтың парақшасына қалдырған.
Халықпен кері байланыс орнату мақсатындағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында тұрғынның өтінішіне бей-жай қалдырмаған халық қалаулысы лезде сол жерден табылды.
Тұрғынның көтерген мәселесі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлына жолданып, ары қарай Қызылжар тұрғын алабы Құртаев көшесінің тұрғындарымен кездесумен жалғасты.
Кездесу барысында тұрғындар Құртаев көшесімен қиылысатын Арыстанды көшесіне асфальт-жол төсеуді сұрады.
Мәселеге бей-жай қарамай, сол жерде басқарма басшысының тез арада қолға алуын айтты.
Нәтижесінде, Құртаев көшесі 10-қыркүйекке дейін ретке келтіріліп, Арыстанды көшесіне жыл соңына дейін асфальт төселетін болды. Көше құрылысының айтқан мерзімге дейін аяқталуын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Ташқараев жеке бақылауында ұстайтынын да жеткізді.

Пікір жазу