Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЙДЫ

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЙДЫ

Возможно, это изображение (2 человека, в том числе Azat Amirtay, люди стоят и в помещении)

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және «iKomek 109» Ситуациялық орталығының директоры Азат Әміртай әлеуметтік ынтымақтастықты дамытуды және әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеуді бірлесе іске асыру жауапкершілігі принциптерін басшылыққа ала отырып, 2021-2024 жылдарға арналған Меморандумға қол қойды.
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят и люди стоят)
Тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет ететін «iKomek 109» Ситуациялық орталығы азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Халыққа нағыз қажет, қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қала тұрғындарының қашықтықтан мәселелерін тез арада шеше алатындығы тұрғындар арасында жоғары бағаланған.
Возможно, это изображение (4 человека, в том числе Azat Amirtay и Шокан Жанабилов, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Осы орайда, меморандум Шымкент қаласының аумағында еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін ұлғайту үшін шынайы мәліметтер қалыптастырып, өзекті мәселелерді анықтап, шешімдер кешенін іске асыру мақсатында түзілді. Бірлескен жұмыс аясында тараптар байланыс орнатып, тұрақты түрде ақпарат алмасып отырады. Меморандум талаптарына сәйкес, құрылған чат арқылы «iKomek 109» Ситуациялық орталығы тәулігіне 24 сағат тұрақты түрде ақпарат жібереді. Еңбек адамынан түскен әр арыз қараусыз қалмайды, міндетті түрде шешу жолында бірлесе жұмыстар атқарылатын болады. Ең бастысы, еңбек даулары туындауы ықтимал мекемелерден түскен ақпараттар аясында еңбек дауының алдын алу бойынша жұмыстар жасалады.
Возможно, это изображение (2 человека, в том числе Azat Amirtay, люди стоят и текст «8 федерация республики казахстан казакстан республикасы касподактар федерациясы казакстан VEDODATAR федерациясы SASPOSSOTAR профсоюозов республики казахстан федерация S казахстан рациясы казакстанасы каспопактар федерациясы федерация фелерация казахста казахстани казакстан республикасы федерациясы казакстан республикасы федерациясы фелерация рофсоюозов спуылики захстан федерация республики казахстан»)
Меморандумның басты мақсаты – «iKomek 109» Ситуациялық орталығына түскен еңбек қатынастарына байланысты жағдайлар тәулігіне 24 сағат бақылауда болады. Осылайша, тараптар өндірістегі еңбек қауіпсіздігі, өндірістерде болған жазатайым оқиғалар, жұмыс орындарының қысқаруы, кәсіпорындардағы жалақы қарыздары, еңбек адамдарының жұмыскерлер тарапынан заңсыз қудалануы, жұмыскерді еңбек шартынсыз жұмысқа тартуы, 16 жасқа толмаған балаларды заңсыз жұмысқа тарту бойынша заңға сәйкес шаралар қолданады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу