Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

Возможно, это изображение (1 человек)
Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен, бүгінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Возможно, это изображение (3 человека, люди сидят и люди стоят)
Еркін форматта өткен кездесуде сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, өз еліне адал қызмет етуді қалыптастыру, сондай-ақ Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Бауыржан Ілімшеұлы кездесуде мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізіп, қызметкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауаптар берді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу