Игі шара қоғамда отбасы құндылықтарын, салауатты өмір салтын насихаттап, бауырмалдық, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Шымкент қаласының әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен «Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспары» аясында байқауды «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Байқаудың ерекшелігі спорттық жарыс түрінде өтуінде дейді ұйымдастырушылар. Шараға Шымкенттік 22 отбасы бақ сынауға өтініш білдіріп, нәтижесінде 11 отбасы іріктеліп, ақтық мәреге 9 отбасы өтті. Қатысушылар бәсекеде спорттық қырларымен қатар зияткерлік біліктіліктерін де көрсете білді.
Ұйымдастырушылар аталған шара парасаттылық құныдылықтарын дәріптеумен қатар, әрбір қатысушының қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуына, спортпен шұғылдануына септігін тигізетініне сенімді.
Байқау нәтижесімен ІІІ-орынды Серікбай отбасы, ІІ-орынды Жолдасовтар отбасы иеленді. Ал І-орын Ниязалиевтер отбасына бұйырды. Аталған сайысқа қатысқан барлық 9 отбасы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
© Didarbek.kz