Бүгін Оңтүстік Қазақстан өңірінің кәсіподақтар қозғалысына зор үлесі және ерен еңбегін сіңірген Баязитова Алия Исхаққызы 85 жасқа толды. Шымкент қаласы және Түркістан облысының кәсіподақтар бірлестіктерінің қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов кәсіподақ ардагерін құттықтап, шаңырағына барды.
Кездесуде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов төрағаның құттықтауын жеткізіп, ыстық лебізін жолдап, кәсіподақ ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбек жолдарын жас буынға насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру кәсіподақтар тарапынан тұрақты түрде атқарылып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, кездесуде ардагерге гүл шоғы мен арнайы сый-сияпат табысталды.
Айта кетейік, Баязитова Алия Исхаққызы еңбек еткен жылдары облыстық кәсіподақтар кеңсесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
© Didarbek.kz