Бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар және Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова қатысты.
Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет көрсетіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекеме ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Жаңа орталық Самал-3 шағын ауданы № 928/1 мекенжайында орналасқан.
© Didarbek.kz