Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди сидят)
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезектен тыс оныншы сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссияда Елшиева Альбина Балғабайқызы төрағалық етіп, бірлескен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі екі мәселені талқылады.
Олар:
— «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
— 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетімен таныстыру.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен мәжілісте Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын кезектен тыс оныншы сессиясына дейін өзгертулер мен толықтырулар енгізетіндіктерін айтып, қайта қарау керектігін жеткізді.
© “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,
қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.

Пікір жазу