Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » «NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІК

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІК

Возможно, это изображение (4 человека, люди стоят и в помещении)
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі басымдықтардың бірі «Жастарды қолдау» бағыты. Қаламызда 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырғаны мәлім. Міне осы бағдарламалардың орындалу желісін бақылау мақсатында, әріптестерім қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссия мүшелері А.Жұмағулова, Т.Балтабаев бірге, осы бағыттар бойынша тікелей жұмыс атқарып жүрген мекемелердің бірі Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жұмыс барысымен таныстық.
Мекеме басшысының орынбасары Ж.Балтабаеваның айтуы бойынша,
«Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғасуда.
Осы мақсатта жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл 1200 пәтер жоспарланған, оның 300 пәтері беріліп, 900 пәтер жыл соңына дейін табысталу жоспарлануда.
Волонтерлік ұйымдарды қолдау бойынша шаралар өтуде.
Сонымен қоса “Жастар лигасы“ жобасы да жастар игілігі үшін жүзеге асып, алдағы жобалар да жоспарланып жатыр.
© “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,
қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.

Пікір жазу