Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІК

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІК

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі басымдықтардың бірі Денсаулық сақтау сапасын күшейту. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы көптеген істерді қолға алды. Міне осы бағдарламалардың орындалу желісін бақылау мақсатында, әріптесім, қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссия мүшесі А.Жұмағулова бірге, осы бағыттар бойынша тікелей жұмыс атқарып жүрген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының, Шымкент қалалық 2-шы емхана жұмыс барысымен басқарма басшысы Б.Позилов және емхананың бас дәрігері А. Рахматалиев таныстырды.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшысы Б.Позыловтың айтуынша:
2021 жылдың 10 наурызынан №87-н/қ бұйрығы негізінде “Диагностика мен емдеудің рентгенхирургиялық әдістері бөлімін ашу туралы” №2 қалалық ауруханасында 2021 жылдың 15 наурызынан бастап ангиография кабинеті жұмыс істеп бастады. Бөлімшеде соңғы үлгідегі бипланды Philips Azurion 7 ангиограф аппараты орнатылған. Бұл аппаратта бас ми тамырларына, жүрек тамырларына, ішкі ағзалардың тамырларына, аяқ-қол тамырларына ота жасалынады. Қазіргі таңда 280 нен аса эндоваскулалы ота жасалынды, соның ішінде ишемиялық инсульт кезінде 15 тромбоэкстракция, 15 коронарография, 3 жүрек артериясын стенттеу оталары жасалынған. Бөлімшеде ТМД, алыс-жақын шет елдерде біліктілігін арттырған рентгенхирург дәрігерлер жұмыс жасайды — Рахматалиев Аскар Муратович, жоғары санатты дәрігер, Жиренбаев Жасулан Оразалыевич, 1 санатты дәрігер, Карабаев Нуржан Асилович, 1 санатты дәрігер, Керимкулов Серик Медеуович, жоғары санатты дәрігер, Нурбаев Нуржан Кучкарович.
Компьютерлі тамография аппараты модельі UCT -530, 40 срезды 2020 жылдың желтоқсан айында ауруханамызға күрделі жөндеуден кейін орнатылды. 2021 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызынан бастап пациенттерді қабылдауды бастадық. 2021 жылдың 10-шы шілдесінен ауруханамыз инфекциялық стационар болып ашылғаннан бастап 17-ші қыркүйекте жабылғанаға дейін 3884 ковид науқастарын зерттеуден өткізіді. Компьютерлі тамография орнатылғаннан бастап 7222 пациент тексеруден өтті, контраспен 21 пациент тексерілді.Басқа медициналық мекемелерденде жолдамамен пациенттер тексеруден өтеді, жалпы 6 дәрігер тәулік бойына жұмыс істейді.
Үш жұмыс орнына арналған рентген цифрлы аппараты APOLLO DRF, 2020 жылдың желтоқсан айында орнатылды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін 6378 пациент тексеруден өтті, оның ішінде 243 ковид науқастарын зерттеуден өткізді, 3 дәрігер жұмыс атқарады.
© “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,
қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.

Пікір жазу