Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.
Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда.
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.
Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді.
Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 73 азамат қамауға алынды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері арасынан 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды, қаза болғаны жоқ. Зақымданған 91 полиция автокөлігінің ішінде 8-і өртенді.
Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамыз!
© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі