Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛАМЫЗДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚАЛАМЫЗДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Биыл жұмыспен қамту бойынша 1,2 млн адамға қолдау көрсетіледі

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  2021 жылға  21 954 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 9 айда нақты 19 462 адам қамтылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 2 675 адам кәсіби оқуға  жолданды, оның ішінде:

— 175 адам техникалық және кәсіптік оқуға

— 2 500 адам жұмысшы мамандығы ретінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға.

Екінші бағыт (Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 2 555 адам қамтамасыз ету жоспарланса, нақты 2 792 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Олар:

— 2 155 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданып, оның ішінде  2 095 адам куәлік алған.

— 53 адам шағын несие алған.

— 584 адамға мемлекеттік грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 16 724 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, 9 айда нақты 13 995 адам  жұмысқа жолданған, оның ішінде:

— 7 473 адам бос жұмыс орындарына;

— 695 адам жаңа жұмыс орындарына;

— 336 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;

— 2 531 адам жастар практикасына;

— 2 845 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға;

— 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу