Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ревакцинация мүмкіндік береді –  Алтай Көлгінов

Қалада коронавирус індетіне қарсы ем қабылдау бойынша 763 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап стационарларда 3027 төсек-орын және  жаңсақтау бөлімінде 369 төсек-орын жабылды.

Дәрі-дәрмекпен қамту

Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторинг барысында дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну және оларға бағаны негізсіз өсірмеу туралы ескертілді.

«ХимФарм» кәсіпорны және «Зерде-Фито» фармацевтикалық компаниясымен қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Бірыңғай дистрибьютор арқылы 26,8 млрд.теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар жеткізілді.

2021 жылы денсаулық сақтау саласына материалдық-техникалық базамен қамтуға 6,3 млрд. теңге қарастырылған.

178 бірлік медициналық техника, оның ішінде маммографтар, зертханалық жабдықтар, ангиографтар, цитология, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, медициналық-генетикалық зертхана сатып алу жоспарлануда.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу