Ағымдағы жылдың 9 айында 161 хаттама толтырылып, 45,9 млн. теңге айыппұл салынды.Оның ішінде: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақталуы негізінде құрылыс объектілерін тексеру жұмыстары бойынша: 48 құрылыс нысандарына қатысты тексеру тағайындау туралы актілері тіркелді. Нәтижесінде:
– 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– 102 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 802 бабына сәйкес толтырылды.Сонымен бірге, 20 техникалық қадағалаушы, 2 авторлық қадағалаушы, 2 жобалау сарапшы және 1 техникалық қадағалаушы мекеме аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Тексеру барысында 25 субъектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.
Шымкент қаласы аумағында орналасқан заңсыз құрылыстарды бұзу туралы жолданған талап арыздар бойынша сот шешіміне сәйкес 8 заңсыз құрылыс нысан бұзылды. Сонымен қатар, 5 заңсыз құрылыс меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізу нәтижесінде бұзылған.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.