Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы тұрғындары тарапынан жасалған әрбір өтініш пен талап-тілектер қала әкімдігінің басты назарында. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қала аумағының дамуы мен тазалығына атсалысып жүрген Әл — Фараби ауданының белсенді азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Қала тұрғындары көтерген әрбір мәселенің орындалуы өз бақылауында болатынын айтқан қала басшысы Мұрат Әйтенов бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер негізінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, бұған дейін қала тұрғындарымен болған кездесулерде жалпы алпыс сегіз мәселе көтерілген болатын. Бүгінде тұрғындар өтінішінің жиырма сегізі толық орындалып, тұрғындардың өтініші қанағаттандырылған. Ал жиырма тоғызы тапсырма орындалу үстінде. Сондай — ақ, тұрғындардың бес өтініші тұрақты бақылауды қажет етсе, екі ұсыныс келесі жылы жүзеге асырылатын болады.

Мәселен тұрғындар тарапынан «Сәуле» шағын ауданынан жүретін қоғамдық көліктердің «Қазығұрт» шағын ауданына дейін ұзарту туралы өтініш берілген болатын. Нәтижесінде №96 және №43 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, тұрғындардың қолдануына қолайлы етіп жасалды.

Сондай-ақ, 195 орамдағы Қырыққыз көшесін жарықтандыру бойынша ұсыныс бірден назарға алынып, құрылыс — монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған Қырыққыз көшесіне отыз бір жарық шамдары орнатылды.

Ал, Әл — Фараби ауданының үй басқарушылары мен белсенді азаматтарынан құрылған кеңесте инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, сондай-ақ, тазалық сынды әлеуметтік мәселелер талқыланып, шешімін табуда.

Айта кетейік, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

 

Пікір жазу