Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СЕНАТОРЛАР ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

СЕНАТОРЛАР ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров және Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова Шымкент қаласында жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрлан Құдиярұлы мен Айгүл Жарылқасынқызымен өткен кездесуге оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған оқытушылар құрамы, профессорлар, сондай-ақ, студенттер қатысты. Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған жиын «Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейтудегі құқықтық тетіктер» тақырыбына арналып, еркін форматта өтті.

Сенатор Нұрлан Бекназаров соңғы жылдардағы елдегі саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім екенін айтып, 5 маусымда болатын реформа солардың негізгісі екеніне тоқталды. «Ондағы негізгі мақсат – Ата заңғы өзгеріс енгізу» деді сенатор. Ал Айгүл Қапбарова сапалы өзгерістер ел дамуының өзегі деп атап өтті.

– Бұл жолғы өзгерістер – өте маңызды. Себебі, «Халық» сөзі алғаш рет кең ауқымда қолданылып отыр. Яғни, елдегі негізгі билік көзі – халық. Елдегі ауқымды өзгерістер халықтың шешімінсіз қабылданбайды. Ал Конституция – еліміздегі саяси жүйенің темірқазығы, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.

Жиында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары, тарихшылар сөз алып, Қазақстан тарихындағы өзгерістерге тоқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті.

 

 

Пікір жазу