Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ I СЛЕТІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ I СЛЕТІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының “Visit Shymkent” орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтардың Халықаралық І слеті басталды.

Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, келген орталық өкілдеріне алғыс білдірді. Жалпы, кездесуге Өзбекстан елінің 8 облысынан өкілдер арнайы келіп қатысса, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикалары мен “Kazakh tourism” ҰК онлайн түрде қатысты. Одан өзге, еліміздің 7 аймағынан, яғни «Тараз-туризм», «Visit Aqmola», «Zhetysu Travel”, Семей, “Turkistan Tourism Center”, Visit Nur-Sultan, Шығыс Қазақстан облысының визит орталықтары төбе көрсетті.

“Шымкент – оңтүстік өңірінің туристік орталығы. Қала маңына Ақсу Жабағылы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық саябағы, Қасқасу, Біркөлік сынды табиғаты тамаша демалыс аймақтары мен киелі Түркістан жақын орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірінің тарихи сакралды туризміне саяхат Шымкент қаласынан бастау алатынын нақты айта аламыз. Осы ретте, Қожа Ахмет Ясауидің ата-анасының кесенесі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқанын айта кеткен жөн. Жалпы, әрбір турист — Шымкент үшін әлеуетті инвестор. Ал әрбір инвестор — турист. Қаланың әрбір тұрғыны — біздің қалаға турист тарту бойынша агент. Жалпы, 2022 жылдың I тоқсандық көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы Республика көлемінде 3 орынға жайғасқан”, — деген “Visit Shymkent” ТАО-ның басшысы Ерлан Умаров орталықтардың байланысын күшейту үшін біршама ұсыныс айтты. Ол өз сөзінде аймақтық визит оталықтар – шетелдік нарықта «Visit Kazakhstan» ортақ атауымен танылатынын ескеріп, осы атауға біріге отырып, ортақ мақсат аясында жұмылу қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар, слет аясында “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығы Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің облыстары мен өзге де жалпы саны 5 туристік ұйыммен екіжақты келісімге қол қойды.

Халықаралық нарықта еліміздің туристік әлеуетін көрсетуде туристік ақпараттық орталықтардың рөлі ерекше. Қазіргі таңда өңірлерде туризм басқармасына қарасты болып табылатын Туристік ақпараттық орталықтар — туристік имиджді дамыту, маркетинтік ілгерілету, туристік маршруттарды ұсыну, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметтерін атқарады. Халықаралық және өңірлердегі туристік ақпараттық орталықтардың ынтымақтастығын арттыра отырып, ортақ тұжырымдама құру, сондай-ақ пандемиядан кейінгі ішкі және келу туризмін дамыту, туристік маршруттарды әзірлеу мақсатында өткен іс-шара көне «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғырта отырып, туристік ағынды көбейтуге оң ықпал етпек.

Халықаралық шараның алғашқы күнінде – сала өкілдері арнайы баяндама жасап, ортақ талқылаулар жүргізсе, екінші күні экскурсиялық бағдарлама аясында Шымкент қаласының көрікті орындары және тарихи нысандарына саяхат жасайтын болады.

 

 

 

Пікір жазу