Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматы қаласында 21-29 мамыр аралығында экипировкамен және классикалық жатып сығымдаудан барлық жас ерекшеліктері бойынша пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа әлемнің 29 елінен 580-ге жуық спортшы қатысты. Осы чемпионатқа Шымкент қаласынан 20 спортшы бақ сынап, құрама команда 23 медаль, оның ішінде 15 алтын, 7 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жеңімпаз атанған спортшыларымыз:

Шаукатов Данияр 83 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында 1 орын (классика);

Акмурзаев Элдор 66 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);

Расулов Мансур 83 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

Кувалдин Иван 59 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

Орынбасаров Бақдәулет +120 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (классика);

Аманов Бунед +120 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

Каримова Амина 63 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (классика);

Юнусалиева Ширин 69 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка);

Орынбасаров Бақдәулет +120 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (экипировка);

Хан Ксения 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);

Абдураимова Азиза 84 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);

Шамуратов Фуркат 59 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);

Юртанова Яна 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка жастар арасында);

Каримбеков Руслан 53 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (жастар арасында);

Каримова Амина 57 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка).

Күміс жүлдеге қол жеткізген спортшыларымыз:

Хан Ксения 2 орын (экипировка);

Кошкаров Айдар 120+ келі салмақ дәрежесінде 2 орын (экипировка);

Жарменов Тимур 66 келі салмақ дәрежесінде 2 орын (классика)

Олейников Егор 93 келі салмақ дәрежесінде жасөспрімдер арасында 2 орын (классика);

Якушева Вероника 63 келі дәрежесінде қыздар арасында 2 орын иеленді (классика);

Нуриддинова Диана 57 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орын (экипировка);

Октамов Абдулазиз 105 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 2 орынды (экипировка) иеленді.

Қола медаль жеңіп алған:

Кошкаров Айдар 3 орын (классика).

 

 

Пікір жазу