Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӘСІБІ ДАМУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӘСІБІ ДАМУДА

Шымкент қаласының Қаратау ауданында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда. Мегаполистік ауылшаруашылық мақсатындағы жері аз болғандықтан шаруалар кәсіптің осы түріне тез бейімделуде. Жаңа технологияны пайдаланған кәсіпкерлерге мемлекеттен қаржылай демеу бар. Өткен жылы шаһардағы жылыжай көлемі 10 пайызға көбейген.

Жалпы Шымкент қаласында қазір 204 га болған 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорт жасалады.

Бүгінде қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Қаратау ауданының Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.

Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді.

Жаңа технологияларды қолданған Зәуре шаруақожалығы өнім сапасына да аса мән беріледі. Соның дәлелі арнайы аралар тозаңдаужұмысына алдырылған.

Тозаңдаушы араларды  Голандия мен  Украинадан елдерінен алдырған. Шетелдік жәндіктердік ерекшелігі еңбекқорлығында. Сонымен қатар ұясынан алыс кетпей бір жерге тез бейімделеді екен. Айтқандай жылыжай кешенінде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Науқан кезінде жұмысшылар саны 60 тан асады.

Түркияның алдыңғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

 

 

Пікір жазу