Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тассай тұрғын алабы ауыз су, мемлекеттік жүйедегі электр жарығы толық қамтыған. Қазір табиғи газ бен кәріз жүйесін тарту жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов тұрғын алабқа инфрақұрылым жүйелерін тарту барысын көрді.
Коммуналдық инфрақұрылымы толық шешілмеген елді мекен тұрғындары сапалы электр жарығымен толық қамтылған. Бүгінде ауыз су кестемен берілетін Тассайға керегі тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт жол және табиғи газға қосылу.
Қазір елді мекенді кәріз жүйесімен қамту үшін «Сарыағаш Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжатына сәйкес, жүйенің жалпы ұзындығы 115,2 шақырым. Бүгінде 66,3 шақырымды құрайтын құбыр тартылып, жұмыстың 62 пайызы орындалған. Құрылысы 2021 жылы басталған нысан аяқталуы келер жылға өтпелі.
Тұрғын алабты толық көгілдір отынмен қамту мақсатында «Ремстрой» ЖШС-і құрылыс жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Одан бөлек, өткен жылы 15 км топырақ жолдарға шағал тас төселген. 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соңы асфальттанады.
2 553 халқы бар бұл елді мекенде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория және 7 кәсіпорын бар. Өткен жылы спорт және ойын алаңшасы салынған болса, биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі жыл басында Тассай бөлімшесінің инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, халқымен кездескен болатын. Кездесу барысында, қазір Шымкенттегі 81 елді мекеннің 78-інде сапалы ауыз су мәселесі шешілген. Қалған үш елді мекенде ауыз су кесте бойынша беруде. 2022 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткізу көздеп отырмыз. Ол үшін биыл тағы 1 магистралды су құбыры және 1 елді мекеннің ішкі су жүйелерінің құрылысы аяқталады. Ал, 2023 жылдың соңына қарай шымкенттіктер тәулік бойы үздіксіз берілетін сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтылады»,-деп атап өткен болатын.