Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 857 ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 857 ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

Биыл Шымкент қаласында 1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғын үй басқармасында конкурс өтеді. Бұл туралы алдын ала құлағдар ету үшін хабарландыру барлық бұқаралық ақпарат құралдарында мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды. Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.

Айта кету керек, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1605 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру жоспарланған. Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-54, Көпбалалы отбасылар-476, Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы​ — 218, Жұмыс істейтін жастар-857. Аталған жалдамалы тұрғын үйлер Заң аясында азаматтардың тұрғын үй кезек реттілігі бойынша үлестірілетін болады.

Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігі хабарланады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.
Ал egov.kz вэб порталындағы жеке кабинеттегі тұрғын үй кезегіне қатысты мәлметтер «kezekte.kz» сайтымен біріктірілмегендіктен ақпарттар сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін министрліктерге тиісті хаттар жолданды.

 

 

Пікір жазу