Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӘЛ-ФАРАБИЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

ӘЛ-ФАРАБИЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсынысы бүгінде қоғам арасында кеңінен талқыланып, қолдау тауып отыр. Ата заңымызды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айғағы. Мұндай бастамаларды қалың бұқараның құп көрері сөзсіз. Сөзіме дәлел болу үшін айта кетейін, қазірде Әл-Фараби ауданында 109 355 сайлаушы бар. Олар 69 сайлау учаскелеріне келіп өз дауыстарын бере алады. Ал енді заң бойынша осы дауыс беруге құқығы бар (18 жасқа толған) азаматтардың таңғы сағат 11-ге дейін 40 мыңға жуығы сайлау учаскесіне келіп, өз сөздерін айтып үлгерді. Яғни, бұл аудан тұрғындарының белсенділігі жоғары екенін көрсетіп отыр.
Бұл реформалар сәтті өтсе, халық ел басқаруға қатысады. Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттары сайланады, мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде облыс әкімдері тағайындалады.
Осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтың деңгейдегі міндет.
Қасым -Жомарт Кемелұлы жолдауында жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтері анық. Бұл реформалар Президент соңғы жылдары ұсынып келе жатқан саяси бастамалардың логикалық жалғасы десек, қателеспейміз. Мысалы, сол кезде Мемлекет басшысы шешім қабылдауға азаматтарды белсенді араластыруға шақырды. Енді аралас (пропорционалды-мажоритарлы) сайлау жүйесінде партияға мүше емес азаматтар да Парламентке депутаттыққа сайлана алады. Бұдан бөлек, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алады.
Егер референдумда дауысберушілер аталған өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам.

 

 

Пікір жазу