Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап, референдумды қолдау жөнінде Партия Төрағасы Ерлан Жақанұлының тапсырмасына сәйкес, партия филиалынан қоғамдық штаб құрылып, бір ай көлемінде жүйелі жұмыстар атқарылғанын айтып өтейін. Штабтың мүшесі ретінде AMANAT партиясының қалалық филиалының желілік кестесіне сәйкес барлық стараталармен кездесулер өткіздім. Кездесу барысында ҚР қолданыстағы Конституциясына 33 түзету енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарынжүргіздім. Жалпыхалықтық референдум — Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екенін айтып, референдумға қатысуға шақырдым.
Сонымен қатар, Ел ПрезидентініңЖолдаудағы саяси реформаларындағы өзгерістерді жеткізіп, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін нақтыладым.Өзгеріс аз емес, соның бірі — Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі артатыны еліміздің демократиялық мемлекетке айналуының негізгі белгісі деп түсіндірдім. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін еніп, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланатынын айтып насихаттадым. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейетіні белгілі болды.
Аталған саяси реформалар сәтті өтсе, азаматтар ел басқаруға кедергісіз қатысадыдеп ойларымды жеткіздім. Осынша өзгеріс елде демократиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген қағида жүзеге асады деген құнды пікірлерімді алға тарттым. Бұл ауқымды өзгерістер тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтың деңгейдегі міндет деп азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал еттім.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, өңіріміздегі халықтың референдумға деген қызығушылығы мен белсенділігі өте жоғары деңгейде болды деп айта аламын. Саяси көзқарастары мен болашаққа деген үміттері ақталады деген ойдамын. өзгерістерге бей-жәй қарамайтын қала тұрғындары «бірлігі мен ынтымағын» көрсете білді. 72 пайыздан астам халық референдумға қатысты. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Мұндай нәтижелі жұмыс партия филиалының штабының жемісі деуге негіз бар. Барлық штаб мүшелері мен партияластар тынбай еңбек етіп, Мемлекет басшысының негізгі бағыты мен өзгерістерін халыққа қарапайым тілде жеткізді. Соның арқасында еткен еңбек еленіп, болашаққа деген сенім артқанын байқаймыз. Бірлік бар жерде, тірлік бар! Әрқашанда Мемлекет басшысының жанына топтасып, алға қойған стратегиялары мен бағдарламаларын, реформаларына қолдау көрсетейік! Сонда ғана Тәуелсіз Еліміздің келешегі мәнді әрі мәңгі болмақ!
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, қоғамдық штабтың мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы