Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » САЯСИ САУАТТЫЛЫҚ – ЕРТЕҢІМІЗДІҢ КЕПІЛІ!

САЯСИ САУАТТЫЛЫҚ – ЕРТЕҢІМІЗДІҢ КЕПІЛІ!

Референдум – халық талабының назарға алынуымен ерекшеленеді. Демократиялық мемлекеттерде әрбір азаматтың көзқарасы мен пікірі басшылыққа алынып отырады. Бұл әлемдік тәжірибенің көрінісі. Ел Президентінің референдум өткізу туралы бастамасы халық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Азаматтардың бүгінгі күнмен ғана емес, ертеңгі күнге деген сенімі одан әрі артты деп айтуға болады. Сондықтан республика көлемінде өткізілген референдум өз мәресіне жетті. Сәтті қолдау тауып, халық өз көзқарастарын білдірді. Партия өкілдері әр референдум учаскесінде болып, саяси науқанның адал әрі әділ өтуіне атсалысты. Әр байқаушылар мен партия өкілдері жауаптылықпен өз жұмыстарына жоғары дәрежеде қарады. Бұл өз кезегінде саяси реформалар мен өзгерістер қоғамдағы алатын орны мен рөлін нақтылап берді.  Саяси сауаттылық деңгейі мен саяси белсенділіктердің жылдан жылға артуы – демократиялық қағидалардың іс жүзінде жүзеге асырылуына негіз болады деп есептеймін. Референдум – халықтың көзқарасы мен пікірлерінің құнды екенін ескерді. Әр азамат өзінің дауысы маңызды екенін түсінді. Осы жолда тынбай өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ әділетті Қазақстанның негізі одан әрі нығая түсті. Әр тұрғын талап-тілектерін айтып, өзгерістерді қолдады. Бұл болашақтың кілті! Келешекті бүгіннен басталатынын сезінген әр қазақстандық жауаптылықпен саяси құқықтарын іске асырды. Таңдау жасап, Тәуелсіз Еліміздің болашағы үшін дауыстарын берді.

Сондай-ақ референдумның қоғам үшін қажеттілігі өркениетті елдің негізі болмақ. Азаматтар дұрыс талап қоя білсе, қоғам алға жылжып бірқалыпты эволюциялық жолмен дамитыны анық. Бұл өзгерістер – сәтті жоспарлар мен стратегиялардың іске асуына бастама болады деген сенімдемін.  

Мәңгілік елдің азаматтары әрқашан болашаққа дауыс береді! Таза, адал әрі әділ Қазақстан үшін дауыс берілді. Тек сәтті реформалар – еліміздің гүлденуінің кепілі!

Байқонысов Ербол Рәбілұлы, саясаттанушы, саяси ғылымдарының магистрі, PhD докторант.

 

 

Пікір жазу