Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 4 АУЛА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 4 АУЛА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл — Әл-Фараби ауданы Ахмет Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласы. Қала әкімі ауланы аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты.

Мұнда соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды.

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов абаттандырылған аулаларды тексеріп шықты.

Әл-Фараби ауданында қала күні мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынов көшесі №88-90, №92, №4 және Рашидов көшесі №25Б, 25В көпқабатты тұрғын үй аулалары толық абаттандырылып, тұрғындар игілігіне берілген-ді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасымен тұрғындар өтініштері негізінде Әл-Фараби ауданы аумағында биылға 50 көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын салу жоспарланған. Оған қоса 9 жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату мен 9 алаңшаны жөндеу жоспарға енген. Қазір 28 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта каетейік, Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.

Аудан территориясында мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелер, ірі сауда орындары мен алалар ойын-сауық  саябақтары  орналасқан.

Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.

Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді.

 

 

Пікір жазу