Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚЫЗМЕТ САПАСЫ КҮШЕЙЕДІ

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ КҮШЕЙЕДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – Еңбекмині) жаңа замандағы әлеуметтік қызмет көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру мәселесінде мемлекет пен отбасының және азаматтың ынтымақтаса қимылдауын көздеп отыр.

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, қызмет көрсетудің атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптың өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне көшу жоспарлануда екенін хабарлады.

«Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, әлеуметтік қызмет көрсету ауқымы мен көлемін кеңейту, сапасын арттыру мақсатында кепілдендірілген және қосымша қызметтер тізімін жасап, заңнама жүзінде бекіту, сондай-ақ, оны ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізу қажет», – деді спикер кіріспе сөзінде.

Осыған байланысты, «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғыруы» бағдарламалық мақаласы аясында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі бағыттарды қамтитын жаңаӘлеуметтік қызметтер жүйесін әрі қарай дамыту тұжырымдамасын әзірледі:

— ауылдағы қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету. Себебі бүгінде үкіметтік емес ұйымдар негізінен қалаларда жұмыс істеуде. Бұл түйткілді тарқату үшін жеке секторды тарту көзделуде.

— жеке секторды тартуға қатысты қызметтер тарифі мен стандарттарды қайта қарастыру. Бұл қағидаттар мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, үкіметтік емес ұйымдардың нақты шығындарын ескере отырып жасалмақ.

Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі арқасында, Еңбекмині көрсетілетін қызметтердің сапасы көтерілетінін болжауда. Осыған қатысты жаңа стандарттар жасалып, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі қайта сүзгіден өтпек. Бұдан тыс, қаржыландыру тетігінің өзгеруі арқасында, еңбекақыны ұлғайту мәселесі көтерілуде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу