Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С. Құралбек және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Бекбауова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында баспасөз брифингін берді.
«МӘМС жүйесі арқылы тұрғындарды сақтандыру- әлеуметті қорғау мәселесі болып табылады, осыған нақты назар аударып, әрбір азамат өз құзыры шеңберінде барынша ат салысу қажет. Бүгінгі күнге «сақтандырылмаған» 54 298 тұрғын жұмысқа немесе кәсіпкерлікке тартылған жағдайда, біріншіден — ол қаржылай табысқа ие болады, екіншіден — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін барлық медициналық көмекке қол жеткізе алады, оған қоса — болашақта зейнетақы, салық, басқада әлеуметтік мәселелері шешімін табатын болады. Егерде аталған жұмыстарды толыққанды орындамаған жағдайда, бұл азаматтардың денсаулығы мүлдем қорғаусыз қалуы мүмкін»,- деді Сәбит Райымбекұлы.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 111 770 болса, оның ішінде сақтандырлған азаматтар — 884 657, ал, сақтандырылмаған азаматтар саны 227 113 құрап отыр. Сақтандырылмаған азаматтардың ішінде:
1) 13 396 адам жұмысбасты, бірақ тұрақты төлем жасамайтындар;
2) Азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар 27 057;
3) Жеке кәсіпкерлер тіркелгендер 6 030;
4) Бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізген (әрі-қарай БЖТ) 3 504-ге;
5) Дербес төлеуші болған 4 600;
6) Басқалар 1 322;
7) Соңғы 12 айда МӘМС-ға төлемдер түспеген тұлғалар 171 204.
Спикердің сөзінше, 22.02.2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штаб отырысы өткізілген. Штаб отырысынында 2021 жылдын 12 айында және 2022 жылды 2 екі айында атқарылған жұмыстар қаралған. Атап айтқанда, емхана қызметкерлерімен аулаларды аралау нәтижелері бойынша 233 784 азаматтың 177 207-не хабарлама берілген, оның ішінде 118 632 азамат МӘМС жарналарын төлеуге келіссе, 58 575 тұрғын МӘМС жарналарын төлеуге дайын екендіктері, бірақ мүмкіндігі жоқтығы анықталған. Азаматтардың қаржы төлеуге мүмкіншілігі болмауына байланысты сақтандыру жұмыстары өте қиын жағдайда жүргізілуде. Азамататтардын сақтандырылу көрсеткіштері 77, 3-тен 79,6 көтерілген. Штаб отырысының нәтижесімен көрсетілген категориядағы азаматтарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмысыз ретінде тіркеуге ұсынылған.