Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов тұрғындардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысы жөнінде толығырақ мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 миллиард теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек.

Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.

Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 миллиард теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі.

747әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, Шымкентте алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалады.

2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады. Биылғы жылы алғашқы бес айда: өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға, инвестиция көлемі 29,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға, бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты.

 

 

Пікір жазу