Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ ЕСЕП БЕРДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ ЕСЕП БЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елордадағы орталық коммуникациялық қызметінде брифинг беріп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

Мұрат Дүйсенбекұлы есепті кездесуде халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажеттігіне тоқталды. Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі – 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 000 астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды.

Үшінші мегаполисте көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобаның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылы қалада 190 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы ұзақтығы 352 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайырық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылғы 64,7 пайыздан 2025 жылы 79 пайызға жетеді деген жоспар бар.

Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр жаңадан 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған болатын. Сонымен қатар, шаһарда 747 әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 102 көшеге жарық тартылады.

Шымкент қаласында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламаның арқасында 13,3 млрд. теңге қарастырылып, бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Жыл басынан бері 865,6 млн. теңгеге 86 жобаға қолдау көрсетілген.

Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту. Халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланған. Осы жылы 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған. «Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т).

 

 

Пікір жазу