Түркістан облысында 9-сынып түлектерін мектептен кейінгі техникалық біліммен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына жалпы саны 17 000 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
«Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждердің қабылдау комиссияларында және www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады» — деді Дінислам Болатханұлы.
Бүгінгі күнге 41 колледждің қабылдау комиссияларына 1 888 талапкерден өтініш келіп түсіп, SmartNationCollege ақпараттық платформасында тіркелуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі