Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгінде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебекұлы Исахов, аталған жағымды жаңалықпен бөлісті.

Қала тұрғындары бір жерден құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен толыққанды кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай алады, тіпті 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие бола алады. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда жеңілдік алуға болады. Ол 15 минут ішінде жасалады. Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк арқылы екі мың азаматқа ипотекалық кредит мақұлданған. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді.

Шымкентте Отбасы банк арқылы жинақтау және әріқарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 18 мың жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша кредит алу мүмкіндігі бар.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

Айта кету керек, Шымкент қаласының “Арбат” демалыс аумағында өткен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі 9 шілде күні де жалғасатын болады.

 

Пікір жазу