Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ТҰТАСТЫРАР ЕЛ ІШІН

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ТҰТАСТЫРАР ЕЛ ІШІН

Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Үшінші мегаполисте этномәдени бірлестіктер мемлекеттік саясат аясында жергілікті биліктің қолдауымен этностар мәдениеті мен ана тілін сақтап, дамуға және қазақстандық патриотизмді насихаттауға белсене атсалысып келеді.

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі, Еңбекші ауданы әкімдiгiнiң жауапты қызметкерлерi, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi бас қосқан жиында тұрақтылық пен тұтастықты сақтау мәселесі қозғалды. Басқосуға Еңбекші ауданы аумағындағы Жас дәурен тұрғын алабының тұрғындары қатысты.
Мемлекеттік этносаясаттың басымдықтары сөз болған жиында тұрғын алапта қалыптасқан бүгінгі ахуал сараланды. Жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың Отан алдындағы әскери борышын өтеуі секілді мәселелер де жиынның маңызды тақырыбының бірі болды.
Ауыл қариялары тұрғын алабта қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, мазмұнды ойларымен бөлісті.
Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары қаламыздағы шағынаудандар мен елді мекендердің барлығын қамтитын болады.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыс­тарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл – егемен еліміздің баға жетпес байлығы.

Бірлік бар жерде – тірлік барын ұққан халықпыз. Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. Ұлттық біртұтастық принци­піне сүйенген Қазақстан халқы Ассамблеясы осы уақытқа дейін елді біртұтастыққа шақырудан жаңылған емес, әрі қарай да осы бағытта өз міндетін лайықты жал­ғастыра береді.

 

Пікір жазу