Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » М.ӘЙТЕНОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

М.ӘЙТЕНОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Аманат» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезіне қатысқан шымкенттік делегаттармен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуде жастар съез барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады. Еліміздің әр тарапынан келген белсенді жастармен тәжірибе алмасып келуге мүмкіндік берген партияға алғыстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. — Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі үміті, сенімді тірегі екенін нақты көрсетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей жастар үшін маңызды білім, еңбекқорлық және отаншылдық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет. Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз. Ай сайынғы жастармен кездесу жалғаса береді. Әрдайым жалынды ойларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз, — деп сөзін қорытындылады. Қала әкімі жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын. Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкенттегі төрт ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.

Пікір жазу