Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда

Шымкентте 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда

Шымкент қаласында 76 МСАК нысаны бар, 2025 жылға дейін 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына келген жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтып өтті.
Халықтың сұрау салуы бойынша амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілді, онда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген.
Сондай-ақ, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл дәліз» енгізілді, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде (зертханалық зерттеулер, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, сондай-ақ эндоскопия) консультация беріледі және зерттеп-қаралады.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол ағымдағы жылы 55%-ды құрады.
Біз қашықтықтан медицинаны дамытуға көңіл бөлудеміз. Тек өткен жылдың өзінде 6,5 млн. қашықтықтан қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 млн. астам ауыл тұрғындарына.
Ауылдық денсаулық сақтау саласына жеке тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта ауылда 5 мың 397 медициналық ұйым (2895 – медпункт, 790 – фельдшерлік пункт, 1282 – амбулатория, 227 – емхана, 203 – аурухана) медициналық көмек көрсетеді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, 8 перзентханалардың құрылысы жоспарлануда, соның ішінде Шымкент қаласында – 1.
Халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде үйде медициналық қызметкермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі (Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы) бекітілді, бұрын аталған ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.
Тұрғындар саны 50 — ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункттер ашу, халық саны 500-ден 1500 адамға дейін (бұрын 800-ден 1500-ге дейін болған) — фельдшерлік-акушерлік пункттер құру көзделеді.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар шешімімен инфекциялық, онкологиялық және перинаталдық орталықтардың дербес стационар ретінде де, көп бейінді аурухананың құрамында да жұмыс істеуі көзделеді.

Пікір жазу