Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Автокөліктегі өрттердің алдын алу

Автокөліктегі өрттердің алдын алу

Автокөліктегі өрттің алдын алу бойынша Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жоспарлы түрде профилактикалық шара өткізді. Бұл іс-шараға қалалық полиция департаментінің жол-көлік полициясы мамандары да қатысты. Рейд барысында ТЖД мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары автокөлікте өрт сөндіру құралдарын болуын, олардың жарамдылығын тексерді.

Қолда бар мәліметке сүйенсек шаһарда жыл басынан бері 23 көліктегі өрт оқиғасы тіркелген. Бір қуанарлығы зардап шеккендермен қайтыс болғандар жоқ. Өрт тілсіз жау екенің біле тұра ережені ескермейтіндер мамандарды алаңдатып отыр. Осы орайда өрттің алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді.

Әр автокөлік иесінің жеке көлігінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау жолындағы жоғары жауапкершілігі ғана жану мен өрттің шығу мүмкіндігін шектейді. Автокөліктерді жөндеу және техникалық күтім көрсету жұмыстары көліктің қозғалтқыш бөлігі ажыратылған күйінде жүргізілуі тиіс. Алғашқы өрт сөндіру құралы – автокөлік жиынтығының ажырамас бөлігі. Ол сенімді әрі жарамды болуы керек.

Капоттың ішіндегі жануды өз күшіңізбенсөндіру кезінде аса сақ болу қажет, бір жанынан тұрып таяқпен немесе монтировкамен асықпай ашқан жөн, өйткені бетіңізді жалын шарпуы мүмкін.  Жануды жою мүмкін болмаған жағдайда көлігіңізден қауіпсіз қашықтыққа (кемінде 10 метр) алыстаңыз, жанармай багының жарылу қаупі бар.

Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автокөлік иелеріне көліктерін кірмежолдарға, аула ішімен өтетін жолдарға қоймауларын сұрайды, өйткені олар өрт кезінде арнайы өрт сөндіру техникаларының кіріп-шығуына кедергі келтіреді. Естеріңізде болсын, автокөліктеріңізді белгіленбеген орындарда қою өрт кезінде адамдардың қазасына себепші болуы мүмкін.

Онда жазғы ыстық күндері автокөлікте жарылғыш, тез тұтанатын, өрт қауіпті заттарды тасымалдауға болмайтындығын ескертеді. Егер көлігініңізден өрт шыққан жағдайда жедел түрде  «101»,  «112» нөмерлеріне қоңырау шалуларыңызды сұранады.

 

 

Пікір жазу