Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жаз маусымы басталып, оқушылар мен студенттер демалысқа шыққан уақыттарында жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жұмысы екі есе көбейеді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаяры сөзсіз.
Осы орайда, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыруымен жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау және келеңсіз жағдайлардың алдын – алу болып табылады.
Рейдтік шара барысында сала мамандары жасөспірімдер жиналатын орындарды, ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Қала аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетсек, құқық бұзушылық бойынша ұсталған жағдайда кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала түнгі 22:00-ден ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал үй жағдайынан тыс 23:00-ден 06:00-ге дейін ұсталса, бірінші ретте ескерту жасалады. Бірақ екінші рет қайталанған жағдайда 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Пікір жазу