Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстарды талқылаған кеңес мүшелері, мәдениеттегі мән жаймен қанығуды кейінге қалдырды. Жиын барасында «Әділет груп» заңгерлік кеңес беру кеңсесімен меморандумға қол қойған кеңес төрағасы, алдағы уақытта заңгерлік кеңесті тегін алатындарын жеткізді.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында екі мәселе талқы таразысына түсті. Соның бірі кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін көмектер туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың баяндамасы тыңдалды.

Шымкент қаласы  мегаполис атағын алғалы бері инвесторлардың қызығушылығы әлдеқайда артқандығы байқалады. Осыдан 4 жыл бұрын шаһарға тартылған инвеститцияның көлемі небәрі  195 млрд теңгенің төңірегінде болса, бүгінде бұл көрсеткіш бірнеше есе өскен. Яғни, 600 млрд теңгені құрап отырғандығын басқарма басшысы тілге тиек етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері 164,9 млрд теңге инвеститция тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,5 пайызға өскен. Нәтижесінде, миллионды шаһарда кәсіпкерлік субъектілерінің саны көбейгендігі байқалады. Бүгінде олар 745-ке жуықпапты.  Осы орайда, шағын және орта кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдау жайында нақты мәлімет сұраған қоғамдық кеңес мүшелері бірлі жарым түскен шағымдарды да айтып қалды.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәдениеттегі мән жаймен қанығуды кейінге қалдырған кеңес мүшелері, басқарма басшысына сандарды сөйлетудің қажеті жоқ екенін айта отырып, мегаполистің мәдениеттін көтеру бойынша  нақты жоспар дайындауды тапсырды.

Жиын барасында «Әділет груп» заңгерлік кеңес беру кеңсесімен меморандумға қол қойған кеңес төрағасы, алдағы уақытта заңгерлік кеңесті тегін алатындарын жеткізді. Осы орайда, аталмыш мекемеге өз наразылығын білдірген кеңес мүшесі, көпшіліктің қолдауына қосылмады. Бұл ретте, заңгерлік кеңсе басшысы мән-жайды өз бақылауына атындығын жеткізді.

 

 

Пікір жазу