Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: ​Исфиджаб тұрғындарымен кездесу өтті

Шымкент: ​Исфиджаб тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Исфиджаб тұрғын алабындағы жергілікті азаматтармен кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері ұйытқы болған жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Күн тәртібінде қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу сынды мәселелер сөз болды. Еркін форматта өткен жүздесуде жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты жұртшылықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша жедел сауалнама жүргізілді.

Бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде.

Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.

Пікір жазу