Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » М.ӘЙТЕНОВ «QAZ VAC» ЕКПЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ БӨЛІГІН САЛДЫРДЫ

М.ӘЙТЕНОВ «QAZ VAC» ЕКПЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ БӨЛІГІН САЛДЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы QAZ VAC екпесінің төртінші құрамдас бөлігін №3 қалалық емханасында салдырды.
Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болды. Қазір жағдайы жақсы.
Айта өтсек, Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 1215 адам аурудан айыққан. Соңғы тәулікте 18 адамнан қауіпті ауру белгілері анықталды. Бүгінде 32 адам стационарда, 697 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
Вакцинаның: 1-ші компонентін — 619 672,2 -ші компонентін — 608 458 3 -ші компонентін — 361 151, 4 — компонентін – 21910 адам салдырған. Өзіңіз және жақындарыңыздың амандығы үшін екпе қабылдаңыздар!
Коронавирус – адам ағзасына жұғып, асқыну қаупін тудыратын, ауа арқылы тез тарайтын вирусты ауру. Бұл вирус 65 жастан асқан адамдарға, 5 жастағы балаларға, жүкті әйелдерге, иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал. Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмониямен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болған, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен дәрігерлер мынадай симп­томдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді: дене қызуының көтерілуі, жоғары температура, құрғақ қатты жөтел, бастың ауруы, кеуде тұсының ауруы, ентікпе және тыныс алуының бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, пневмония, безгек, мұрынның бітуі, фарингит, диарея. Осындай симптомды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, медициналық мекемеге хабар беріңіз.
Вакцина-заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация – бұл пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Ревакцинация — вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы. Вакцинация алыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Пікір жазу