Шымкент қаласындағы «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Арыстанұлының бастамасымен игі шара өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды.
Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Нәтижесінде бірінші сыныпқа баратын 214 баланың тізімі жасақталып, оларға оқуға қажетті жабдықтар таратылды. “Ел президенті 2022 жылды — Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат — өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым — Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз. Бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы 2021 жылы бастау алып 204 оқушыға таратылып, қазіргі кезде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді”, — дейді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен.
Мемлекет басшының балалар жылы деп жариялауының маңыздылығын қолдап, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі бұл акцияның жылда санын арттырып ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2021 жылы 1-сыныпқа 26 569 бала (қазақ тілінде – 18 755, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 125) қабылданды. Оның ішінде, мелекеттікке 22 484, жекеменшікке 4 085 бала қабылданған. 2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланса, бүгінгі күнмен қабылданған оқушы саны – 18 912 яғни 70% құрап отыр.