Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – 02

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – 02

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына облысымыздағы бірқатар этно мәдени бірлестіктердің де басшылары қолдау хатын жолдады. Аталған хатта  облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Бочоришвили, корей этономәдени орталығының төрайымы Р.Пак, татар-башқұрт бірлестігінің басшысы А.Мухамедова, грек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Д.Сидиропуло, иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Н.Капар-Пур, күрді этномәдени бірлестігінің басшысы А.Надиров, ұйғыр этно бірлестігінің жетекшісі Г.Темирова, тәжік этномәдени орталығының басшысы Ю.Султанов, неміс этно бірлестігінің жетекшісі И.Бахман, түрік этномәдени орталығының басшысы Л.Асановтардың қолы қойылған.

Елбасы жарлығына орай бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастары «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» деген  арнайы үндеу жариялады. Онда: «Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз» делінген.

Бүгінде əлемнің 70 пайызға жуық елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми-зерттеулермен айналысады.  Яғни, білім, ғылым, саясат пен техника, мəдениет пен өнер, т.б. салаларға қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде жұртшылыққа таралады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу