Биыл қоғам қайраткері Төлебек Қосмамбетов 70 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мерейтой иесімен кездесіті.
Кездесу барысында өңір басшысы қайраткердің өмір жолына тоқталып, ыстық лебізін білдірді.
«Сіз киелі Оңтүстік өңірінде өсіп-өніп, бойыңыздағы бар күш-жігеріңізді, салиқалы ой мен біліміңізді, өміріңізді мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне жұмсап келесіз. Өмір жолыңызды қарапайым жұмысшыдан бастап, мемлекеттік қызметте бірқатар белестерді бағындырдыңыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметі кезінде еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет ететін сапалы заң жобаларын қабылдауда сүбелі үлес қосқан мемлекет қайраткерісіз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Төлебек Қосмамбетов 1947 жылғы 5 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1969 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік жоспарлаудың аға экономисі қызметінен бастаған ол түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.
1999 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2004 жылғы қарашадан бастап үшінші сайланымның депутаты, ал 2007 жылғы тамыздан бастап үшінші сайланымның депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
1993 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы академиясын табысты бітіріп, ғылыми дәрежеге ие болып, жоғары білікті менеджер атанды. 2001 жылы Мәскеу қаласында кандидаттық диссертацияны қорғап, Ресей Федерациясының Білім министрлігі жанындағы жоғары аттестациялық кеңес экономика ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ берілді.
Төлебек Байдүйсенұлы ҚР Президентінің Құрмет грамотасы мен «Құрмет» орденінің иегері. Зайыбы Гүлістан Кенжеханова екеуі 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген.