Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері жолдауды талқылады

ШЫМКЕНТ: ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері жолдауды талқылады

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агентігі. Аталған жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты. Қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев биылғы жолдау жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап бергенін айта келе, мемлекеттік басқару ісін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ендігі ретте әрбір азамат жолдаудан өзіне жүктелген міндетті жете білуі тиіс. Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов жаңадан кәсіп бастаушылар мен жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті қолдау бар екенін айтты. Бизнесті ілгерілете отырып, адами капиталды дамыту бойынша өз ойларын жеткізді. Кәсіпкерлерге енді бизнесін дамытуда ешқандай кедергі болмайтынын ұғындырды.

Сонымен қатар, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак жолдауды жүзеге асыруда бірлесе, ынтымақтаса еңбек етуге шақырды. Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақовтың айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиындар одан әрі жалғасады. Айта кетейік, жақында Шымкент қалалық «Азаматтық ресурс орталығына» шаһардағы үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар және белсенді жастар жиналды. Негізгі тақырып – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы болды. Оның ішінде дәл осы азаматтық қоғамның рөлі мен халықтың белсенділігін арттыруды сөз етті.

Басқосуда Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, «Қазақстан Әйелдері күштері Альянсы» қауымдастығының қаладағы филиалы жетекшісі Жаннета Жазықбаева өз ойын ортаға салды. Ең алғаш сөз алған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков биылғы жолдауда әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері көтерілгенін атап өтті.

Пікір жазу