Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні “Халық заңгері” атты тегін құқықтық кеңес беру науқаны басталады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Қыркүйек айында Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады. Акцияны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр. Шымкентте де 16 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 16: 00-де «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Өтетін мекенжайы: Тәуке Хан даңғылы, 5 (М.Әуезов атындағы ОҚУ, басты корпус). Кіру тегін. Жалпыреспубликалық акцияның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.

Іс-шара барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар. Тіпті, акция форматының ауқымы мен географиясы Қазақстанда ғана емес әлемде де өте үлкен. Қазақстанда бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Іс-шараға қатысқан қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.

Айта кету керек, карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. Ал 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Пікір жазу