Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды

Шымкентте емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды

Бүгін Шымкент қаласында емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Тіркеуге өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап алады. Өзге емханаға тіркелген кезде, бұрынғысынан автоматты түрде есептен шығарылады. Емханаға ҚР азаматтары, шетелдіктер және ҚР аумағын тұрақты мекен ететін (тұруға ықтиярхаты бар), азаматтығы жоқ тұлғалар тіркеле алады.

Бұл санатқа жататын азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында және МӘМС жүйесінде қызмет алуға құқы бар. Емханаға сондай-ақ, ҚР аумағына уақытша келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері де тіркеле алады. Олар – ЕАЭҚ-ға қатысушы-мемлекеттердің (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Армения) азаматтары. Ол үшін олардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) пен стационарлық көмек шығынын өтеуге арналған ерікті медициналық сақтандыру келісімшарты (полис) болуға тиіс. МСАК-қа ЕМС келісімшарты негізінде емханаға тіркеліп, ТМККК аясына кіретін медициналық көмек алуына болады. Бұл ретте еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері МСАК-қа ЕМС келісімшартынсыз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) кіретін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды.

Тіркеуден бас тартуы мүмкін бірнеше себеп бар:

— қате құжаттарды беру;

— пациент басқа қалада (ауылда, елді мекенде) тұрады;

— сол емханада барлық учаскеде тіркелген халықтың максималды саны асып кеткен;

— тіркелетін баланың мүддесіне өкілдік етуге заңды құқығын растайтын құжат болмаған жағдайда.

Тіркеу науқанына жалпы 13 мыңға жуық учаскеге қызмет көрсететін 624 МСАК объектісі қатысып жатыр. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 16 қарашасындағы жағдай бойынша республикада медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына 19,4 миллионнан аса адам, оның ішінде шетелдіктер мен қандастар да тіркелген.

 

 

Пікір жазу