Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 01

ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 01

ОҚО-ның үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне қатысты дөңгелек үстел басында жиналды.

ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады.

Шәріпбек Жамалбек, ОҚО Азаматтық альянсының төрағасы:
– 2017 жылдың 26 қазаны Қазақстан үшін тарихи, ел тәуелсіздігінің тарихында алтын әріптермен жазылатын айрықша күн болды. Айтулы күні ұлттық тіл ерекшелігіне негізделген жаңа графика қабылданып, мемлекеттік мәртебесі бар тіліміз үшін серпінді сәт туды. Қарап отырсақ, бұл бастама қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына таптырмас мүмкіндік болып отыр. Әйтседе, қиындықтардың болатыны жасырын емес. Сол қиындықтардың алдын алып, мемлекет басшысы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қоғамдық талқылауға уақыт бере отырып, тиімдісін қабылдады. Ендігі кезең-кезеңімен 2025 жылға дейінгі латын қарпіне көшуге ел болып атсалысуымыз тиіс.

Өз тілшімізден

Пікір жазу