Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » СЫЗАТ ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ – 01

СЫЗАТ ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ – 01

Расында да, «жақсы адамның ашуы – шайы орамал кепкенше, жаман адамның ашуы – басы жерге жеткенше», – деп бабаларымыз тектен тек айтпаған болса керек. Қырғыз билігінен кеткен Алмазбек Атамбаев әлі де болса, ішкі наразылығын жасыра алмай келеді. Алайда, Атамбаевтың пікірін қырғыз сарапшылары қолдамайды. Себебі, екі мемлекеттің (Қазақстан мен Қырғызстан) арасындағы байланыстың орнағанына біршама уақыт болды. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсіру мүмкін емес. Ортақ тарихы бар. Бүгіні мен болашағын бірге бағамдап, дамудық даңғыл жолына түскен көршілес мемлекеттер. Тығыз дипломатиялық байланыс орнаған. Мәселен, екі ел арасындағы жүргізілген келіссөз шекара мәселесін реттеп, екі ел азаматтарынан еркін байланысын орнатуға бағытталып отыр. Ол үшін жол картасы дайындалып жатыр. Бұл екі жаққа да тиімді жоба болады деп күтеміз. Себебі, ішкі-сыртқы байланысы біте қайнаған екі мемлекеттің тұрғындарына билік басындағылар тұрақтылықты қамтамасыз етуі аса қажет. Осы бағыттағы еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жасаған мәлімдемелері көңілге қонымды.

Лаура Жүніс,
«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері

Пікір жазу