Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент »  Жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг өтті

 Жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу мақсатында жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Аталған кездесудің мақсаты — жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру, өмірге деген қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілеті мен командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ой-өрісін дамыту. Өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту. Жастар мен жасөспірімдердің ата-аналармен, құқықбұзушылықпен қылмыс жасауға бейім жастармен, жасөспірімдерге психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Өзіне қол жұмсау деңгейін азайту бағытында студенттерге толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, топпен тренинг жаттығулары жүргізілді. Аталмыш шара М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының шымкент көлік колледжінің студенттерімен өткізілді.

Сонымен қоса, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Аталған кездесудің мақсаты — студенттерге экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Жиынға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, және Жол-көлік колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық», «Жастар арасындағы кереғар діни ағымдардың алдын алу» осы аталған тақырып бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, студенттер тарапынан сұрақтар қойылды.

 

Пікір жазу